

12 қыркүйекте OTZALT алаңында Қазақстан мен Орталық Азияның бизнес, технология, медиа, мәдениет және креативті индустрия өкілдерін біріктіретін STEPPE Fair 2026 қалалық іс-шарасы өтеді. Шараны STEPPE лайфстайл-медиасы ұйымдастырады.
Биылғы тақырып – Matchmaking. Іс-шара жаңа кәсіби байланыстар орнатып, түрлі салалардағы мамандардың идеяларымен бөлісуіне және бірлескен жобаларды бастауына мүмкіндік береді.
Бағдарламада 35-тен астам спикердің қатысуымен бес панельдік пікірталас өтеді. Freedom, Яндекс, Higgsfield AI, Almaty Marathon, BI Group, «Қайрат» футбол клубы және басқа да компаниялардың өкілдері өз кейстері мен тәжірибелерімен бөліседі.
Сонымен қатар жасанды интеллект, вайбкодинг, продакшн, заманауи өнер және контент-жобаларды әзірлеу бағытында практикалық воркшоптар ұйымдастырылады.
STEPPE Fair × Astana Hub бірлескен Pizza Pitch форматының жүлде қоры – 1 млн теңге. Кешкі бағдарламада ALPHA, Aiqap, сондай-ақ Өзбекстаннан келген арнайы қонақ – Laylo өнер көрсетеді.
📅 12 қыркүйек | 14:00–21:00
📍 Алматы, OTZALT, Барибаев көшесі, 36
БАҚ өкілдерін тіркеу: +7 701 710 1910 Дария