Лого
Меню
Страницы

Қазақ опера өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның Халық артисі Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған көрме

Қазақ опера өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның Халық артисі Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған көрме

2026 жылы 4 қыркүйек күні сағат 11:00-де Алматы музейінде Қала күніне орай қазақ опера өнерінің тарихында өшпес із қалдырған көрнекті әнші, қайталанбас дауыс иесі, Қазақстанның Халық артисі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, қоғам қайраткері Ермек Серкебаевтің 100 жылдығына арналған «Ермек Серкебаев: Дәуірдің дара тұлғасы» атты көрменің салтанатты ашылуы өтеді.

Көрме Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, Алматы музейінің ұйымдастыруымен өткізіледі. Экспозицияда Алматы музейінің қорынан іріктелген бірегей жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылады. Көрме төрінен тұлғаның шығармашылық және өмір жолынан сыр шертетін жеке заттары, сахналық костюмдері, сирек фотосуреттері, концерттік афишалары мен музыкалық аспаптары орын алады. Әр жәдігер – өнер иесінің дара болмысын, сахнадағы қайталанбас бейнесін және ұлттық өнерге сіңірген өлшеусіз еңбегін айшықтайтын құнды мұра.

Көрменің мақсаты – өнер иесінің өмірі мен шығармашылық жолынан сыр шертетін бірегей музей жәдігерлері арқылы келушілердің қазақ музыкасы мен опера өнерінің қалыптасуы мен даму кезеңдері туралы танымын кеңейтіп, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Социальные медиа
Facebook
Twitter
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері