Лого
Меню
Страницы

Алматыда қуық асты безі қатерлі ісігінің алдын алу бойынша ашық есік күні өтеді

Алматыда қуық асты безі қатерлі ісігінің алдын алу бойынша ашық есік күні өтеді


27 маусымда Алматы онкологиялық орталығында қуық асты безі қатерлі ісігі туралы хабардарлықты арттыруға арналған ашық есік күні өтеді. Іс-шара сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін онкологтардың қатысуымен өтеді.

Іс-шара аясында қала тұрғындары мамандардан тегін кеңес ала алады, сондай-ақ медициналық көрсетілімдер бойынша қуық асты безінің ультрадыбыстық зерттеуінен (УДЗ) өте алады.

Қуық асты безінің қатерлі ісігі ерлерде ең көп таралған онкологиялық аурулардың бірі болып табылады. Дәрігерлер аурудың алғашқы сатыларында көбінесе симптомсыз болатынын, сондықтан оны ерте анықтауда үнемі скринингтік тексерулер маңызды рөл атқаратынын атап өтеді.

Сарапшылар ауру неғұрлым ерте анықталса, оны емдеу соғұрлым оңай болатынын және толық сауығып кету және өмір сүру сапасын сақтау мүмкіндігі соғұрлым жоғары болатынын атап өтеді.

Алматы онкология орталығы ер адамдарды, әсіресе 50 жастан асқан және қауіп тобындағы адамдарды скринингтен өту және маман кеңесін алу мүмкіндігін пайдалануға шақырады.

Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Папанин көшесі, 220, А ғимараты, Алматы онкологиялық орталығы, 1-қабат.

Өткізу уақыты: 27 маусым, сағат 09:00-ден 13: 00-ге дейін.

Социальные медиа
Facebook
Twitter
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері