Лого
Меню
Страницы

Алматы қаласы әкімінің кубогына арналған робототехника және инновациялық технологиялар бойынша ашық чемпионат «Almaty TechCup XII» туралы баспасөз аңдатпасы

Алматы қаласы әкімінің кубогына арналған робототехника және инновациялық технологиялар бойынша ашық чемпионат «Almaty TechCup XII» туралы баспасөз аңдатпасы

Өтетін орны: Алматы Арена спорт кешені
Өтетін күні: 2026 жылғы 30 маусым – 1 шілде
Ұйымдастырушылар: Алматы қаласының әкімдігі, Алматы қаласы Білім басқармасы, «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы, USTEM Foundation қоғамдық қоры.

Almaty TechCup – робототехника, инженерия, дрон-технологиялар, аэроғарыш, киберқауіпсіздік, физикалық жасанды интеллект және қолданбалы ғылымдарды бір алаңда тоғыстыратын жыл сайынғы технологиялық чемпионат. Жобаның миссиясы – жастарды STEM саласына тарту арқылы адами капиталды дамыту және Қазақстан мен бүкіл өңір үшін жаңа буын технологиялық мамандарын қалыптастыру.

2026 жылғы 30 маусым мен 1 шілдеде Алматы Арена спорт кешені нағыз технологиялық аренаға айналады: мұнда «Age of AI» ұранымен Almaty TechCup XII маусымы – Орталық Азиядағы робототехника, инженерия және жасанды интеллект бойынша ең ірі чемпионат өтеді.

Биылғы чемпионат 5 елден келген 3 000-нан астам қатысушыны 14 жарыс бағыты бойынша біріктіреді. Олар – екі күн бойы нақты инженерлік міндеттерді шешетін мектеп оқушылары, студенттер мен жас инженерлер: роботтарды жобалап, бағдарламалайды, дрондарды әуеге көтереді, ғарыш аппараттарын ұшырады және ЖИ жүйелерін оқытады.

Маусымның басты тақырыбы – «Age of AI», жасанды интеллект дәуірі. Ұйымдастырушылар өңірдің технологиялық бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын практикалық дағдыларға басымдық береді: машиналық оқыту, компьютерлік көру, автономды жүйелер, киберқауіпсіздік және физикалық ЖИ.

Чемпионат бағдарламасы заманауи инженерлік бағыттардың толық спектрін қамтиды:
Робототехника. 4–18 жас аралығындағы қатысушыларға арналған FIRST бағдарламалары (FIRST LEGO League және FIRST Tech Challenge), автономды робофутбол RoboCup Soccer, құтқару робототехникасы RoboCup Rescue, халықаралық ABU Robocon санаты және әсерлі Battle of Bots роботтар жекпе-жектері.
Physical AI Hackathon. Unitree платформасындағы адамтәрізді роботты «жандандыруға» арналған 48 сағаттық хакатон: қабылдау, навигация, локомоция, манипуляция, дауыстық өзара әрекет және қауіпсіздік. Бұл бағыт – embodied AI, яғни физикалық жасанды интеллект саласындағы әлемдік өзекті трендтердің бірі.
Дрондар. Alem Drone League: FPV-пилотаж, дрон-симуляторлар және дрон-футбол (Drone Soccer).
Аэроғарыш. World Space Olympiad: CanSat және CubeSat ұшырулары, планетоходтар және ғарыш саласының болашақ мамандарына арналған инженерлік жобалар.
Автономды көлік. Future Race: қатысушылардың өздері құрастырған көліктер жарысы – мектептік электркарттардан бастап LiDAR, RADAR және ЖИ автопилоты бар толық өлшемді автомобильдерге дейін.
Киберқауіпсіздік. CTF (Capture the Flag) форматы, онда командалар осал тұстарды тауып, нақты сценарийлерде қорғаныс пен шабуыл дағдыларын меңгереді.
Білім беру тректері. PASCO қолдауымен AI STEM Cup, Smart Sarbaz инженерлік бағыты және интерактивті Hour of AI – әрбір қонақ бір сағат ішінде өзінің алғашқы ЖИ-жобасын жасай алады.

БАҚ үшін байланыс ақпараты
+7(701)937-10-10 (Мадина)
Almaty TechCup ұйымдастыру комитеті
E-mail: info@almatytechcup.kz
Сайт: almatytechcup.kz.

Социальные медиа
Facebook
Twitter
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты