

2026 жылы 19 маусымда сағат 16:00-де «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК қарасты Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде музейдің 45 жылдық мерейтойы және Португалияның Алматы қаласындағы Құрметті консулдығының ашылғанына бір жыл толуына орай дәстүрлі екі португал гитарасын музей қорына табыстауға арналған салтанатты іс-шара өтеді.
Португал гитарасы – Португалияның ең танымал музыкалық аспаптарының бірі. Ол ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілген елдің әйгілі музыкалық жанры – фадомен тығыз байланысты.
Іс-шара бағдарламасы аясында португал музыкалық өнерінің көрнекті өкілдері – португал гитарасының шебері Луиш Геррейру, фаду әншісі Матилде Сид және классикалық гитара орындаушысы Жуан Филипе арнайы концерттік бағдарлама ұсынады. Олардың орындауында қонақтар португал гитарасының қайталанбас әуезін тыңдап, аспаптың тарихы, жасалу ерекшелігі және Португалияның музыкалық мәдениетіндегі айрықша орны туралы жан-жақты мағлұмат ала алады.
Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасындағы Португалия Елшісі, дипломатиялық корпус өкілдері мен зиялы қауым өкілдері қатысады.
Салтанатты іс-шара Қазақстан мен Португалия арасындағы мәдени байланысты нығайтуға, сондай-ақ музейдің халықаралық музыкалық аспаптар коллекциясын толықтыруға бағытталған маңызды мәдени бастама.
Құрметті БАҚ өкілдері, сіздерді аталған мәдени шараның құрметті қонағы болуға шақырамыз!
Өтетін орны: Алматы қ., Зенков көшесі, 24а
Күні мен уақыты: 19.06.2026; 16:00
Сайт: https://almatymuseums.kz/
Instagram: @ykhlas_museum
Байланыс телефоны: +7 747 934 9459