Лого
Меню
Страницы

Жастар және болашақ технологиялары: Kazakhstan-Turkey Psychosocial Support Project халықаралық форумы өтеді

Жастар және болашақ технологиялары: Kazakhstan-Turkey Psychosocial Support Project халықаралық форумы өтеді

2026 жылы 11 маусымда Алматыда Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы халықаралық жастар ынтымақтастығын дамытуға бағытталған іс-шаралар аясында Kazakhstan-Turkey Psychosocial Support Project халықаралық форумы өтеді.

Форум жастарға психоәлеуметтік қолдау көрсету, дағдарыс жағдайындағы психологиялық тұрақтылықты нығайту, спорттық психологияны дамыту және жастардың менталдық денсаулығын сақтау мәселесін талқылауға арналған диалог алаңына айналады.

Форум қатысушыларына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров, Түркия Республикасы Жастар және спорт министрінің кеңесшісі, министрліктің Психоәлеуметтік қолдау қызметтері департаментінің басшысы Элиф Гүнеш және Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі құттықтау сөз сөйлейді.

Жастарға психоәлеуметтік қолдау көрсетуге арналған тақырыптық сессия барысында сарапшылар мен мамандар төтенше және дағдарыс жағдайындағы жастарға көмек көрсету тәжірибесін таныстырып, психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру, еріктілік бастамаларды дамыту және әлеуметтік жобаларды іске асыру бағытындағы тәжірибесімен бөліседі. Қатысушылар күрделі өмірлік жағдайға тап болған жастарды қолдаудың заманауи тәсілдерін, сондай-ақ психологиялық көмек көрсету саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерін талқылайды.

Форумның жеке бір бөлімі спорттық психология мәселесіне арналады. Қазақстандық және түркиялық мамандар психологиялық факторлардың спорттық жетістіктерге әсерін, спортшылардың менталдық денсаулығын сақтау, күйзеліске төзімділікті қалыптастыру және жоғары жүктеме мен бәсекелестік жағдайында нәтижелілікті арттыру мәселесін қарастырады.

Өтетін орны: Most IT Hub (Almaty Hub), Қожанов көшесі, 2/2
https://2gis.kz/almaty/firm/70000001065981797

Күні мен уақыты: 2026 жылғы 11 маусым, сағат 15:30

Аккредиттеу бойынша байланыс: Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының баспасөз хатшысы Толғанай Данабекова, +7 706 639 7054.

Социальные медиа
Facebook
Twitter
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты