Лого
Меню
Страницы

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

11 маусым күні сағат 19:00-де Асанәлі Әшімов театры көрермен назарына Қолғанат Мұраттың «Мұғалім» драмасын ұсынады. Қоюшы режиссері – Данияр Базарқұлов.

Бұл қойылым – қазіргі қоғамдағы ең нәзік әрі өзекті тақырыптардың бірі: ұстаз, ата-ана және бала арасындағы байланысты арқау етеді. Спектакль мектеп табалдырығындағы күнделікті тіршілік арқылы адамдық құндылықтарды, педагог мәртебесін және ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілікті көрсетеді.

Режиссер Данияр Базарқұлов бұл туындыда мұғалімнің қоғамдағы образын тек білім беруші емес, тұлға қалыптастырушы ретінде ашады. Ата-ана мен мұғалімнің өзара түсіністігі – бала болашағының іргетасы. Туынды көрерменді бүгінгі қоғамның ащы шындығымен бетпе-бет әкеле отырып, маңызды сұрақтарға жауап іздеуге шақырады.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін және барша өнерсүйер қауымды ерекше атмосфераға, тағылымы мол әсерлі кешке куә болуға шақырамыз.

Өтетін күні: 11 маусым 2026 жыл
Уақыты: 19:00
Өтетін орны: Алматы қаласы, Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры. Бөгенбай батыр, 158
Автор: Қолғанат Мұрат
Режиссер: Данияр Базарқұлов
Instagram: ashimov_theatre
Байланыс нөмірі: +77750252563

Социальные медиа
Facebook
Twitter
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты