

«Алматы – Түркі әлемінің жастар астанасы 2025» халықаралық бастамасы аясында Алматыда Түркия Республикасынан келген жастар делегациясының қатысуымен «Менталдық тұрақтылық» тақырыбында арнайы сессия ұйымдастырылады.
Іс-шара «Қайрат» футбол клубы академиясының базасында өтеді және жастардың психологиялық тұрақтылығы, күйзелісті басқару, ішкі мотивацияны дамыту, сондай-ақ өмірлік және кәсіби сын-қатерлерді тиімді еңсеру дағдыларын қалыптастыру мәселесіне арналады.
Кездесудің спикері ретінде «Қайрат» футбол клубының спорт психологы қатысады. Ол кәсіби спортта заманауи психологиялық тәжірибелерді қолдану жөніндегі тәжірибесімен бөлісіп, жоғары нәтижеге қол жеткізудегі және эмоционалдық саулықты сақтаудағы менталдық дайындықтың маңызы туралы әңгімелейді.
Өтетін орны: «Қайрат» ФК академиясы, Майлин көшесі, 230
https://2gis.kz/almaty/firm/70000001018815568
Күні мен уақыты: 2026 жылғы 11 маусым, сағат 12:00.
Аккредиттеу бойынша байланыс: Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының баспасөз хатшысы Толғанай Данабекова, +7 706 639 7054