Лого
Меню
Страницы

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасылық ұзақ ғұмырдың даналығы» атты жастармен кездесу өтеді.

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасылық ұзақ ғұмырдың даналығы» атты жастармен кездесу өтеді.

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасылық ұзақ ғұмырдың даналығы» атты жастармен кездесу өтеді.
15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай, Медеу ауданы әкімі аппараты ұйымдастыруымен 2026 жылы 14 мамыр күні сағат 11:30-да Армия үйі ғимаратының 5-қабатындағы акт залында (Зенков көшесі, 24) «Отбасылық ұзақ ғұмырдың даналығы» атты диалог алаңы өтеді.
Аталған іс-шараның мақсаты – жастар арасында отбасы институтының маңызын кеңінен насихаттау, ұлттық және адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және өнегелі отбасылардың өмірлік тәжірибесін үлгі ету.
Бүгінде қоғамда отбасы құндылықтарын сақтау, өзара сыйластық пен жауапкершілікті арттыру мәселелері ерекше өзектілікке ие. Осыған байланысты ұйымдастырылып отырған кездесуде ұзақ жыл бойы тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан өнегелі отбасылар тәжірибесін бөлісіп, жастарға тағылымды әңгімелер айтады.
Іс-шараға 40, 50, 60 жылдан астам уақыт бірге ғұмыр кешкен ардақты әулет өкілдері, қоғам белсенділері, ардагерлер, жастар ұйымдарының мүшелері мен студент жастар қатысады. Еркін форматта өтетін кездесу барысында отбасы бірлігі, ата-анаға құрмет, ерлі-зайыптылар арасындағы сенім, бала тәрбиесі және ұлттық тәрбие мәселелері төңірегінде ашық пікір алмасу ұйымдастырылады.
Кездесу аясында қатысушылар сұрақ қойып, аға буын өкілдерінің өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесін тыңдауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, іс-шара барысында отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған тәрбиелік мазмұндағы сұхбаттар мен әсерлі әңгімелер өрбиді.

Кездесудің жүргізушісі — Жазира Бегалы.

Өтетін орны: Армия үйі, 5-қабат, акт залы
Мекенжайы: Зенков көшесі, 24
Күні мен уақыты: 14 мамыр 2026 жыл, сағат 11:30

Байланыс үшін: Медеу ауданы әкімі аппараты

Социальные медиа
Facebook
Twitter
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты