Лого
Меню
Страницы

Құрметті журналистер мен БАҚ өкілдері!

Құрметті журналистер мен БАҚ өкілдері!

Алматыда өңірдің іскерлік және оқиғалық туризм орталығы ретіндегі беделін айқындай түскен 24-ші Қазақстан халықаралық туристік көрмесі – KITF 2026 өтіп жатыр.

Көрме 24 елден келген 400-ден астам компанияның басын қосты. Көрме алаңында ұлттық және өңірлік экспозициялармен қатар, туризм индустриясының жетекші өкілдері – туроператорлар, әуе тасымалдаушылары, қонақ үй кешендері, онлайн-платформалар мен технологиялық компаниялар өнімі мен қызметін ұсынған. Экспозиция халықаралық бағыттармен қатар, Қазақстанның ішкі туризм әлеуетін де кеңінен қамтиды.

📅 24 сәуір – көрменің соңғы күні

Іскерлік бағдарлама аясында KITF Tourism Innovation Day конференциясы өтеді. Онда туризмді дамытудың негізгі трендтері, соның ішінде цифрландыру, туристердің мінез-құлқы, мемлекеттік саясат және халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Бағдарлама аясында:
— сараптамалық және стратегиялық бағыттағы сессиялар
— мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдар өкілдері қатысатын панельдік пікірталастар
— тұрақты және шытырман оқиғалы туризм мәселелері
— туристік бағыттарды маркетингтеу

Басталатын уақыты: 10:00

📍 Өтетін орны: Алматы қаласы, «Атакент» көрме орталығы, 10-павильон

Сіздерді көрмеге қатысып, туризм саласындағы маңызды оқиғаларды ақпараттық тұрғыдан жариялауға шақырамыз.

Социальные медиа
Facebook
Twitter
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты