Лого
Меню
Страницы

«Қыз еркем, анасымен көркем» мерекелік іс-шара Алматы қаласы, 20 наурыз, 2026 жыл

«Қыз еркем, анасымен көркем» мерекелік іс-шара Алматы қаласы, 20 наурыз, 2026 жыл
2026 жылы 20 наурыз күні сағат 11:00-де Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Шапағат» әлеуметтік қызметтер орталығы» КММ Наурыз мерекесіне орай «Қыз еркем, анасымен көркем» атты салтанатты іс-шара өткізеді.
 
Іс-шараның негізгі мақсаты – орталық қызметін алушы қыздарды жан-жақты дамыған, тәрбиелі, сұлулық әлеміе түсінетін тұлға ретінде қалыптастыру, сондай-ақ ата-аналармен бірлесе жұмыс істеуді нығайту. Байқау аясында қатысушы қыздар аналарымен бірге өнер көрсетеді.
 
Мерекелік бағдарлама байқау шарттары бойынша бағаланып, жүлделі орындар анықталады:
1.«Мен қазақтың қызымын» (ән, өлең, слайд, бейне арқылы таныстыру).
2.«Қыз тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» (қыздар аналарымен бірге өнер көрсетеді).
3.«Сұлулық сыры» (Сәнді киім үлгісі).
4.«Қолөнер» (жеребе арқылы таңдалады).
5.«Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан қазақтың ұлттық тағамдары».
 
Өтетін орны: Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 122, «Шапағат» әлеуметтік қызметтер орталығы.
Уақыты: 2026 жылы 20 наурыз, сағат 11:00.
Қосымша ақпарат: +7 778 412 12 17
Instagram: centrdpd
Социальные медиа
Facebook
Twitter
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты