Лого
Меню
Страницы

Наурыз мейрамында 11 мың домбырашы Қазақстан рекордтар кітабына жаңа жетістік енгізбек

Наурыз мейрамында 11 мың домбырашы Қазақстан рекордтар кітабына жаңа жетістік енгізбек

Наурыз мерекесін атап өту аясында Білім басқармасы «Домбыра үні» атты ауқымды акция ұйымдастырады. Қаланың 6-10 сынып оқушыларынан құралған 11 000 жас домбырашы бір мезетте күй орындап, ұлттық өнердің құдіретін паш етеді.

Іс-шараның басты мақсаты – қазақтың дәстүрлі музыкасын дәріптеу, жас ұрпақтың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және мәдени мұраны кеңінен насихаттау.

Бұл бастама Қазақстанда ұлттық аспапта бір мезетте күй орындаған ең ірі музыкалық шаралардың бірі болмақ. Қаланың барлық ауданынан жиналған оқушылар бір сахнада өнер көрсетіп, қазақ халқының бай рухани мұрасына деген құрметтің айқын белгісін танытады.

Іс-шараның құрметті қонақтары ретінде танымал қазақстандық өнерпаздар — Асылбек Еңсепов, Ринат Гайсин, Нұрлан Албан және Әли Оқапов қатысады. Белгілі музыканттар флешмоб қатысушыларына қолдау білдіріп, қала тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтайды.

Акция қорытындысы бойынша бұл іс-шараны Қазақстан рекордтар кітабына ұлттық аспапта күйді бір уақытта ең көп адам орындаған мәдени оқиға ретінде енгізу жоспарланып отыр.

Ауқымды музыкалық флешмоб Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралардың жарқын көрінісіне айналып, ұлттық мәдениетті жастар арасында кеңінен насихаттауға үлес қосады. Бұл жай ғана концерт емес, мыңдаған жас жүректің бір ырғақта соғуы мен ата-баба мұрасына деген құрметтің көрінісі.

Күні: 17 наурыз 2026 жыл
Уақыты: 13:00
Өтетін орны: Алматы Арена
Байланыс үшін: 8 707 522 0001

Социальные медиа
Facebook
Twitter
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты