Лого
Меню
Страницы

Алматыда инклюзивті мәдениеттің жаңа кезеңін бастайтын «Жүректен жүрекке» қалалық инклюзивті фестивалі өтеді

Алматыда инклюзивті мәдениеттің жаңа кезеңін бастайтын «Жүректен жүрекке» қалалық инклюзивті фестивалі өтеді
Күні: 2025 жылғы 13 желтоқсан (сенбі)
Уақыты: 12:00–15:00
Өтетін орны: AlmaU университеті, Atrium залы
(Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 227)
 
Алматыда ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды, жастарды және мүгедектігі бар адамдарды қолдауға бағытталған ауқымды қалалық инклюзивті шығармашылық фестиваль — «Жүректен жүрекке» өтеді.
 
Фестиваль қоғамды біріктіретін, әрбір бала мен жастың шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін ашық алаң.
Фестивальдің идеясы мен форматы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Баланың құқықтары туралы» заңына және «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңына сәйкес әзірленген.
 
Фестивальдің миссиясы — Алматыны инклюзивті мәдениеттің орталығына айналдыру.
Фестиваль философиясы: «Әр адам — бірегей. Әр адам — тең».
 
«Жүректен жүрекке» — бұл қоғамға арналған үндеу: балаларды аяу емес, олардың қабілеті мен талантын мойындап, қолдайтын уақыт келді. Инклюзия тек әлеуметтік саясаттың бағыты ғана емес, қаланың мәдени кодының ажырамас бөлігіне айналуы тиіс.
 
Фестиваль аясында Алматы 3 желтоқсан — Мүгедектігі бар адамдардың халықаралық күніне арналған жаһандық күн тәртібіне қосылып, Орталық Азиядағы ең ірі инклюзивті мәдени бастамалардың бірін іске асырады.
 
 
Ұйымдастырушылар:
1.Алматы қаласының әкімдігі, Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
2.«Ерекше балалардың ата-аналар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі
3.Qazaq Community Development қоғамдық қоры
 
 
Бас демеуші:
 
«Project Stroy and Controls» ЖШС
 
 
Фестиваль бағдарламасы (ең жарқын сәттер):
 
Фестиваль — 2,5 сағатқа созылатын шығармашылық шоу, эмоция мен өнердің тоғысқан тұсы:
•арт-терапиялық және шығармашылық шебер сабақтары;
•балалар мен жастардың кәсіби сахналық қойылымдары;
•танымал өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама;
•инклюзивті ойын және коммуникациялық аймақтар;
•фотоаймақтар мен арт-инсталляциялар.
 
Фестиваль жыл сайын өтетін жаңа қалалық дәстүр ретінде жоспарланған ауқымды мәдени іс-шараға айналады.
 
 
БАҚ үшін байланыс:
 
+7 707 903 2002
Адабай А.
Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Социальные медиа
Facebook
Twitter
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты