Лого
Меню
Страницы

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Аюсай шатқалында экологиялық сенбілік өтеді

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Аюсай шатқалында экологиялық сенбілік өтеді

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын іске асыру барысында Алматы қаласының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасымен және «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағымен РММ-мен бірлесіп, Аюсай шатқалында экологиялық сенбілік өткізеді.

Іс-шараның мақсаты – табиғи аумақтардың санитарлық жағдайын жақсарту, экологиялық мәдениетті арттыру және және әрбір жанның қоршаған ортаны қорғауға деген деген жауапкершілігін күшейту.

Сенбілік аясында ұлттық парк аумағынан тұрмыстық қалдықтарды жинау, жиналған қоқысты полигонға шығару, сондай-ақ, табиғатқа жауапкершілікпен қарау қағидалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Акцияға мемлекеттік органдардың, экологиялық ұйымдардың, оқу орындарының, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері және қала тұрғындары қатысады. Мұндай іс-шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекет пен қоғам серіктестігін нығайтуға ықпал етеді.

Өтетін күні мен уақыты:
2025 жылы 1 қараша, басталуы сағат 09:00

Өтетін орны:
Аюсай шатқалы, «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының аумағы

Қатысушылардың жиналу орны:
08:00 – Тұңғыш Президент саябағы жанындағы автотұрақ (әл-Фараби даңғылы мен Дулати көшесінің қиылысы).
Қатысушылар үшін бірнеше автобус ұйымдастырылады.

Ұйымдастырушылар Алматы тұрғындары мен қонақтарын экологиялық акцияға қатысып, қаламыздың табиғи байлығын сақтауға үлес қосуға шақырады.

Байланыс нөмірі:
Еркебұлан Ертаев – Қалдықтарды басқару бөлімінің бас маманы
Тел.: +7 (700) 090-25-00

Социальные медиа
Facebook
Twitter
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты