Лого
Меню
Страницы

Алматыда алғаш рет ауқымды City Makers: Jastar qalasy атты қауымдастықтар фестивалі өтеді

Алматыда алғаш рет ауқымды City Makers: Jastar qalasy атты қауымдастықтар фестивалі өтеді
 
2025 жылдың 27 қыркүйек күні Алматыда алғаш рет City Makers: Jastar qalasy қалалық қауымдастықтар фестивалі өтеді. Ашық аспан астында 100-ден астам қауымдастық пен 50-ден астам жұмыс берушілер жиналып, қала тұрғындары мен қонақтарына өз бастамалары мен әлеуметтік жобаларын таныстырады.
 
City Makers — жастардың бастамаларын қолдауға, волонтерлікті дамытуға, шығармашылықты және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ерекше жоба. Бір алаңда қоғамдық ұйымдар, мәдени бастамалар және қалалық орталықтар бас қосып, тәжірибе алмасып, ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік алады.
 
Фестиваль бағдарламасы:
•«Қамқорлық даңғылы», «Тәртіп даңғылы», «Эко Town», «Шығармашылық шағын ауданы» және өзге де аймақтар;
•театралдық және музыкалық қойылымдар;
•шеберлік сағаттары мен пікірталас алаңдары;
•спорттық ойындар;
•әлеуметтік және экологиялық жобалардың таныстырылымдары.
 
Жоба Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асуда.
 
 
📍 Өтетін орны: Ганди атындағы саябақ
 
Парк им. М.К. Ганди
https://2gis.kz/almaty/geo/70000001089141107
 
📅 Күні мен уақыты: 27 қыркүйек 2025 жыл, сағат 13.00
Байланыс үшін: Келемеденов Мейіржан, Жастар саясаты басқармасының баспасөз хатшысы, +7 (702) 2862520

 

Социальные медиа
Facebook
Twitter
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты