Лого
Меню
Страницы

Алматы қаласындағы жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі: жұмыспен қамтудың жаңа мүмкіндіктері Еңбек күні мен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында

Алматы қаласындағы жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі: жұмыспен қамтудың жаңа мүмкіндіктері Еңбек күні мен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында

2025 жылғы 26 қыркүйекте Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алматы қаласының еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді.

📌 Іс-шараның мақсаты – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында тікелей өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ жастар мен жұмыс іздеп жүрген азаматтар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттау.

🔹 Жәрмеңке қатысушыларына ұсынылады:

  • өзекті бос жұмыс орындары және еңбек жағдайларымен танысу;
  • жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасу мүмкіндігі;
  • жұмыспен қамту мәселелері бойынша, соның ішінде Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлерінен солтүстік өңірлерге ерікті қоныс аудару бойынша мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде Орталық мамандарынан кеңес алу.

👥 Іс-шараға жұмыс іздеуші азаматтар мен білікті кадрларды іздестіріп жүрген жұмыс берушілер шақырылады.

📍 Өтетін орны: Арбат (Жібек жолы және Панфилов көшелерінің қиылысы), Алмалы ауданы, Алматы қаласы

🕒 Іс-шара кестесі:
– Қатысушыларды тіркеу: 14:00 бастап
– Басталуы: 15:00
– Аяқталуы: 17:00

Ұйымдастырушылар жәрмеңке – жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін, кәсіби дағдыларды дамытуға мүмкіндік беретін және лайықты жұмыс табуға көмектесетін тиімді алаң болады деп сенеді.

Анықтама үшін байланыс тұлғасы:
Алматы қаласының еңбек мобильділігі орталығы
📞 Тел.: +7 (701) 352-48-73
👤 Жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің басшысы
✉️ E-mail: opr.ctm@yandex.kz

Социальные медиа
Facebook
Twitter
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты