Лого

Меню

Страницы

Статья

Қазақстанның 7 қаласында «Қолжетімді спорт» жобасы басталды

«Қолжетімді спорт» жобасы қала тұрғындарын әртүрлі спорт түрлеріне үйретуге бағытталған, сондай-ақ осы спорт түрлері бойынша спорт секцияларына тегін қатысуға мүмкіндік береді.

Аталмыш жоба алғаш рет өз жұмысын қазан айының басында Нұр-Сұлтан қаласында бастау алды. Жоба 2021 жылдың желтоқсан айының соңына дейін жалғасып, 20 мыңға жуық елорда тұрғынын қамтыды.

2022 жылдың сәуір айынан бастап жоба Қазақстанның 7 қаласында өз есігін қайта ашты. Олар Нұр-Сұлтан, Алматы,  Шымкент, Семей,  Петропавл, Ақтау және Талдықорған қалалары.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасы мен қолдауының арқасында қала тұрғындары үшін барлық сабақтар тегін өтеді.

Еліміздің 7 қаласының тұрғындары үшін келесі спорт түрлері қолжетімді:

  •  Скандинавиялық  жүріс
  • Жүгіру
  • Каратэ
  • Үстел теннисі
  • Фитнес

Спорт залдарында фитнес, үстел теннисі және каратэ сабақтары ұйымдастырылған. Жүгіру және скандинавиялық жүріс қалалардың саябақтары мен тыным бақтарында өтеді.

Оқытуды білікті нұсқаушылар мен жаттықтырушылар жүргізеді.

Әр қалада жаттығу өткізілетін әрбір спорт түрінен 2-ден 6-ға дейін орын таңдалды. Бір сабақтың ұзақтығы 1,5 сағат.

Жобаға қатысу үшін жас шектеулері бар:

  • Скандинавиялық жүріс 18 жастан бастап
  • Фитнес 18 жастан бастап
  • Залдардағы үстел теннисі 18 жастан бастап
  • Каратэ, жүгіру 7 жастан бастап

Жобаның сабақ кестесі, жоба туралы нақты ақпараттар, хабарландырулар және фото/бейне есептер жобаның Instagram @dostupnyi_sportkz парақшасында тұрақты түрде жарияланады.

Мамыр айынан бастап барлық фитнес және каратэ сабақтары спорт залдарынан 4 қаланың саябақтарына көшеді: Алматы, Ақтау, Шымкент, Талдықорған.

22 сәуірден бастап «Қолжетімді спорт» жобасы бойынша барлық ақпаратты білуге және сабақтарға жазылуға болатын сенім телефоны жұмыс істейді: +7 707 618 43 43.

Операторлар қоңырауларды аптасына 7 күн 09:00-ден 21:00-ге дейін қабылдайды.

Дата публикации
25 мая 2022
Дата обновления
25 мая 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
30 апреля 2024
Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу аясында заңнаманы білуге арналған тестілеудің аяқталуы туралы
Хабарлама
10 апреля 2024
Өңірлік резервке іріктеудің келесі кезеңдерін өткізу мерзімдерінің өзгергендігі туралы
Хабарлама
01 апреля 2024
Өңірлік кадр резервіне қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталды

Социальные медиа

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары