Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының әкімі Е.А. Досевтың Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде сөйлейтін сөзі

Құрметті Бостандық ауданының тұрғындары!

                   

Сіздерді алғашқы кездесуімізде көргеніме қуаныштымын!

Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылғы 3 наурыздағы Жарлығымен Әкімдердің халықпен кездесу өткізуінің жаңа форматы қабылданды. Енді мұндай кездесулер әр ауданда тоқсан сайын өткізілетін болады.

 

Жылдың соңына дейін мен Алматының 8 ауданында кем дегенде тағы 3 кездесуден, барлығы 24 кездесу өткіземін.

Әкім болып тағайындалғаннан кейін мен Алматының барлық аудандарын аралап шықтым, қаладағы жағдаймен және әр аудандағы проблемалармен таныстым. Негізгі проблемаларды шешу жолдарын айқын түсінемін және ең  өзекті мәселелер бойынша жеке шешімдер қабылдадым.

 

Жаңа форматтағы алғашқы кездесуімді мен қаламыздың Бостандық ауданында өткізуді шештім, себебі бұл ең ірі аудан, онда 365 мың адам немесе Алматы халқының 18% тұрады.

Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша аудан алдыңғы қатарда. Ол жұмыспен қамтудың 19,7%-ын қамтамасыз етеді (2021 жылы 193,6 мың адам, қаладағы барлық жұмыспен қамтылғандар – 982,7 мың адам). Олардың негізгі бөлігі шағын және орта бизнесте еңбек етеді – бұл аудандағы жұмыс істейтін халықтың 66,5%-ы (128,7 мың адам ШОБ-та).

 

Аудан салық түсімдерінің 24% қамтамасыз етеді, 2021 жылы 284,7 млрд. теңге инвестиция тартып, I-ші орынды иеленді. Биыл қаңтар-ақпан айларында инвестиция көлемі 13,2%-ға өсіп, 42,2 млрд теңгені құрады.

 

Биыл ауданда 7 000 астам жаңа жұмыс орнын құруды жоспарлап отырмыз (қала бойынша – 52 200). Жұмыспен қамту орталығы арқылы 2 730 адамды жұмысқа орналастыру және жеке бастамалар есебінен 4 413 орын жоспарлануда.

 

Жастарды қолдау үшін биыл біз (жергілікті бюджеттен қосымша ақы төлеу арқылы)  жастар практикасы бойынша жалақы көлемін 30-дан 40 айлық есептік көрсеткішке дейін көбейттік, ол 122,5 мың теңгені құрайды.

 

Алматы – еліміздегі ең ірі студенттер қаласы. Бостандық ауданында жоғары оқу орындары (12) мен колледждердің (20) ең көп бөлігі орналасқан, онда 68 мың студент білім алады, бұл қала студенттерінің жалпы санының 25%-ын құрайды.

 

Қазіргі проблемалар мен мәселелерге, Сіздерден келіп түсетін шағымдар мен ұсыныстарға талдау жүргіздік. Соның  негізінде Бостандық ауданының негізгі проблемаларына тоқталып өткім келеді.

БІРІНШІ. Халық санының өсуіне және тұрғын үй құрылысының «қарқынды» жүруіне байланысты әлеуметтік инфрақұрылымның айқын дамымауы және қоғамдық кеңістіктердің  жетіспеуі байқалады.

Бүгінгі таңда Алматы мектептеріндегі орын тапшылығы  19 мыңнан асады (19 611 орын), оның 3 300-і Бостандық ауданында. Алматы бала бақшаларына 1-6 жас аралығындағы кезек 41 200 орынды құрайды, оның 2400-і – Бостандық ауданында.

Бұл ретте Бостандық ауданында осы жылдың 1 сәуірінде    60 мектеп (34 мемлекеттік және 26 жеке меншік) және 75 бала бақша (30 мемлекеттік және 45 жеке меншік)  жұмыс істейді. 

Қазіргі таңда мемлекеттік жер қорында әлеуметтік инфрақұрылымды, сондай-ақ демалу орындары мен қоғамдық кеңістіктерді салу және кеңейту үшін бос жер учаскелері жоқ екенін айтуға мәжбүрмін.

Осы жағдайды ескере отырып, біз бұл проблемаларды тек құрылыс салу немесе кеңейту немесе ғимараттар мен жер учаскелерін жеке меншік иелерінен сатып алу арқылы шешетін боламыз. 

Ол үшін әкімдік қазіргі 1 320 орынды мектептерге 5 қосымша құрылыс салуда, соның ішінде күнтізбелік жылдың соңына дейін 1020 орындық 4 жапсаржай (№125,146, 191 мектептер және №9 арнаулы интернат) пайдалануға беріледі. № 65 мектепке 300 орынды 1 жапсаржай 2023 жылдың 3-ші тоқсанында беріледі.

Сондай-ақ, біз қазір жеке меншік колледжге тиесілі №94 мектеп ғимаратының бір бөлігін сатып алуымыз қажет, бұл қосымша 600 оқушы орнын қамтамасыз етеді.

Бұл ретте ауданда оқу жылының басында жаңадан мектепке келетін оқушы саны шамаман 1000 баланы құрайтынын ескеру қажет. Әзірге орын тапшылығы азаймайды, бірақ бұл мәселені әзірленіп жатқан 2022-2024 жылдарға арналған Алматы қаласын дамыту жоспары арқылы шешуге күш-жігерімізді саламыз.

 

Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту  

Бостандық ауданының тұрғындарына мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін 28 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Қала қарамағында 10 стационар және 4 емхана бар, оларға 286 мың халық тіркелген.

 

Аудандағы 3 мемлекеттік емханада орын жоқ, бұл қызмет көрсету сапасына, кезектілікке кері әсер етеді.

Анықтама үшін: №4 емханада есепте тұрғандар саны - 88 860,  № 12 емханада - 63 545, № 17 емханада – 83 301. 7 емханада – 53 200.

Ауданда 7 жеке меншік емхана бар, онда 53,5 мың тұрғын тіркелген (әрбір жеке меншік емханаға 2-ден 10 мың адамға дейін). Әл-Фараби даңғылының оңтүстігіне қарай 2 отбасылық-дәрігерлік амбулатория орналасқан, олар 26 мың адамға қызмет көрсетеді. Сондықтан, барлық жүктеме мемлекеттік емханаларға түседі.

 

Әл-Фараби даңғылынан жоғары тұратын халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету үшін біз 500 келушіге арналған емхана құрылысына жеке меншіктен жер учаскесін сатып алу үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз. 15 мамырға дейін емхана салынатын жерді анықтаймыз және жылдың соңына дейін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтауды жоспарлап отырмыз.

  

Сонымен қатар, жыл соңына дейін «Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының» төрт қабатты жаңа корпусының құрылысы аяқталады, онда заманауи қабылдау бөлмесі, реанимация, операциялық және нейрохирургия бөлімшесі мен толық жабдықталған зертхана болады.

 

 

Халықты әлеуметтік қолдау

2022 жылғы 1 сәуірде Бостандық ауданында халықтың әлеуметтік осал топтарының проблемаларын шешу, мүмкіндігі шектеулі  адамдарға қызметтер кешенін ұсыну, зейнеткерлердің бос уақытын ұйымдастыру және көп балалы отбасыларды қолдау үшін жеткілікті дамыған жүйе жұмыс істейді.

 

Бүгіннің өзінде әртүрлі үкіметтік емес ұйымдар аясында әлеуметтік жобалармен айналысатын 30 мыңнан астам адам мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша қамтылған.  

Мүмкіндігі шектеулі адамдар санының өсуі алаңдатады. Егер бұдан 5 жыл бұрын қалада 45 мың адам болса, қазір олар  53 мыңнан асады, соның ішінде 7 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтарымыз Бостандық ауданында тұрады.

 

Жұмыс істейтін мүгедек адамдарды қолдау үшін біз жылдың басынан жұмыс істейтін мүгедектер үшін әлеуметтік жұмыс орындарын субсидиялау көлемін – 63 мыңнан 92 мың теңгеге дейін көбейттік, осы мақсаттарға 405 млн теңге (980 орын) бөлдік.

Алматыда мүгедек адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін шешу үшін 2021 жылдың қыркүйек айында тиісті Жоспар бекітілді. Бостандық ауданы 72 объектіні бейімдеу жоспарын орындауға тиіс. Бұл бағыттағы жұмыс күшейтіледі және өзімнің жеке бақылауыма аламын.

 

 

ЕКІНШІ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шешімімен биылғы жыл балалар жылы болып жарияланғанын білесіздер. Сондықтан балаларды қорғау және оларды үйлесімді дамыту әкімдіктің ерекше назарында.

Жыл бойы қалада жеке жоспар бойынша балаларға арналған іс-шаралар, қайырымдылық акциялары мен фестивальдар өткізіледі. Балаларға мектепке дейінгі білім беру, яғни бала бақшалар санын көбейтіп қана қоймай, олардың сапасы мен инклюзивтілігін арттыру мәселелері де ерекше назарда болады.

 

Мектептер, олардағы орын тапшылығы туралы мен жоғарыда айтып өттім. Тек Президенттің тапсырмасы бойынша балалардың спорт және шығармашылық үйірмелерге тегін қатысуын жан басына қаржыландыру бағдарламасы іске асырылып жатқанын атап өткім келеді. Биыл спорт секцияларына қатысуға 3,2 млрд теңге, ал шығармашылық үйірмелерге – 4 млрд теңге бөлінді.

 

Спорт секцияларына қатысатын 44 мың баланың 6,8 мыңы Бостандық ауданында тұрады. Олар 81 спорт секциясына қатысады.

 

Сондай-ақ, қала бойынша шығармашылық үйірмелерге                  54 мың бала қатысады. Сіздің ауданнан 9 мың бала 115 шығармашылық үйірмеге барады. 

Бұл бағдарлама халықтың нақты қажеттіліктеріне қарай одан әрі іске асырылатын болады.

ҮШІНШІ. Өзекті мәселелердің үлкен блогы қазіргі тұрғын үй құрылысының қарқынымен байланысты.

Бүгінде Бостандық ауданында, әсіресе «Мега центр», «АДК» сауда орталықтарының, бұрынғы жеміс консервілеу комбинатының жанында, сондай-ақ Сәтбаев – Байтұрсынов – Бұқар жырау көшелері – Есентай өзені бөлігінде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде.

 

Осыған байланысты, менің тапсырмам бойынша әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін міндетті түрде салу талаптарын ескере отырып, құрылыс салу тәсілдері қайта қаралды. Бұрын рұқсат беру кезінде құрылыс салушылардан бұл қатаң талап етілмеген, сондықтан қазіргі «ауытқуларға» алып келді.

 

Құрылыс мәселелерін жүйелі түрде шешу үшін осы жылдың мамыр айында Абай даңғылының оңтүстігінде Шығыс айналма жолынан Яссауи көшесіне дейін 9 қабаттан биік ғимарат салуды шектейтін жаңа Регламент қала Мәслихатының бекітуіне ұсынылады, яғни бұл периметрге барлық Бостандық ауданы кіреді.

 

Жеке жобалар бойынша мәселелерді шешу жолдары туралы мен Сіздер сұрақ қойған кезде жауап беруге тырысамын.

ТӨРТІНШІ: Әл-Фараби даңғылының оңтүстігін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып қалуда.

Бүгінде осы аумақты 5 жеке компания сумен жабдықтайды («Орхан», «Ерменсайводгаз», «Сервис Тау Су», «Ақсу», «Тау Су Қызмет» ЖШС), оның 3-еуі техникалық суды Каскад станциясынан алады.

 

Жеткізілетін су сапасы төмен, 1 текше метрдің құны 173 теңгені құрайды, бұл жалпы қалалық тарифтен (текше метрі 48 теңге) 3,5 есе жоғары.

Осы мәселені түбегейлі шешу үшін 2022 жылдың соңына дейін «Ерменсай» су қабылдағышының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу аяқталады және мемлекеттік сараптамадан өтеді (өнімділігі тәулігіне 9 мың текше метр)

.

2023 жылы су қабылдағыштың құрылысына қаржы бөлу үшін әкімдік ҚР Үкіметіне өтініш жасауға ниетті. 

Осы жобаны іске асыру Әл-Фараби даңғылынан жоғары тұратын 20 мың халықты сапалы сумен толық қамтамасыз етеді.

БЕСІНШІ. Жайлылықты дамыту және қаланы абаттандыруды жақсарту үшін 2019 жылдан бастап Алматыда «Халықтың қатысу бюджеті» жобасы іске асырылуда.

Биыл бұл жоба бойынша Бостандық ауданы үшін қаржыландыру көлемі 58%-ға 766 млн теңгеге дейін ұлғайды (2021 жылы 483,8 млн теңге).

 

Бостандық ауданы тұрғындарының ұсыныстары бойынша  21 жоба іріктелді. Онда балалар және спорт алаңдарын, Гагарин, Масанчи, Бұқар Жырау бульварларын, Қазақ мемлекеттік циркі және Қазақ мемлекеттік университеті, №10 мектеп жанындағы скверлерді, Тимирязев көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағын, жасыл аймақтарды суару құбырларын ағымдағы жөндеу көзделген.

 

80 аула аумағына күрделі жөндеу жүргізіледі (2021 ж. - 100).

Осы жылдың 31 тамызына дейін Үлкен Алматы өзенінің арнасын реконструкциялауға (Абай даңғылынан №1 тұндырғышқа дейін ұзындығы 5,7 км.), «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндерінің кешеніне іргелес жатқан аумақты нығайту жұмыстарын жүргізе отырып, қайта құруға, сондай-ақ екпе ағаштар үшін 2 көшеттіктің (Нұрлытау шағын ауданы) жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу аяқталады.

 

Құрметті алматылықтар!

Менің және әкімдіктің алдындағы басты басымдық – бұл Сіздер көтеретін барлық мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылдау және аудан мен қала тұрғындарының лайықты өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.

Бүгін залда өзінің туған ауданында өмір сүру сапасын  жақсартуға, бірлесіп шешу жолдарын іздестіруге дайын қаншама адам жиналып отыр.

Мен Сіздердің сұрақтарыңызға көшуге дайынмын.  

Назарларыңызға рақмет!

 

Дата публикации
14 апреля 2022
Дата обновления
14 апреля 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

11 мая 2024
Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу аясында жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеудің аяқталуы туралы
Хабарлама
30 апреля 2024
Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу аясында заңнаманы білуге арналған тестілеудің аяқталуы туралы
Хабарлама
10 апреля 2024
Өңірлік резервке іріктеудің келесі кезеңдерін өткізу мерзімдерінің өзгергендігі туралы

Социальные медиа

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары