Лого

Меню

Страницы

Статья

2021 жылдың 10 қаңтардағы VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындыларын белгілеу туралы Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Саяси партиялардың Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды ұсынуы 2020 жылдың 10-шы қарашасында басталып 2020 жылдың 4 желтоқсанында сағат 18.00-де аяқталды.

Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы 5 саяси партиядан 118 кандидатты тіркеді.

Алматы қаласы бойынша сайлаушылардың жалпы саны 1132298 адам, мәслихат депутаттарына дауыс беруге 341431 адам қатысты. Алматы қаласы мәслихаты депутаттарын сайлауының қорытындыларына сәйкес партиялық тізімдер бойынша дауыстар мынадай болып бөлінді: «Nur Otan» партиясына 218003 адам немесе сайлаушылардың 68,11% дауыс берді, Қазақстанның «Aк жол» демократиялық партиясына 32367 адам немесе сайлаушылардың 10,11% дауыс берді, «Ауыл» демократиялық патриоттық партиясына 24591 адам өз дауысын берді, бұл сайлаушылардың  7,68% пайызын құрады, Қазақстан халық партиясына 23388 адам немесе 7,31% дауыс берді, ал «ADAL» саяси партиясы 21733 дауыс жинады немесе сайлаушылардың 6,79% пайызын құрады.

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес дауыс беру қорытындылары бойынша саяси партиялар арасында депутаттық мандаттарды бөлу кезегі анықталды. Олар дауыстардың 7 пайызынан астамын алды. 

  1. «Nur Otan» партиясы
  2. Қазақстанның «Aк жол» демократиялық партиясы
  3. «Ауыл» демократиялық патриоттық партиясы
  4. Қазақстан халық партиясы

«Nur Otan» партиясы 29 депутаттық мандат алды, Қазақстанның «Aк жол» демократиялық партиясы 4 мандатқа ие болды, ал «Ауыл» демократиялық патриоттық партиясы мен Қазақстан халық партиясы әрқайсысы 3 мандаттан алды.

 

Дата публикации
12 января 2021
Дата обновления
12 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баяндама
10 декабря 2025
Алматы қаласының әкімі Сатыбалды Дархан Амангелдіұлының сөзі
Баяндама
10 декабря 2025
Алматы қаласы Экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергеновтың 2026-2028 жылдарға арналған Алматы қаласының бюджеті туралы баяндамасы
Баяндама
10 декабря 2025
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләйлә Иманғалиеваның баяндамасы

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты