GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Лого
Меню
Страницы
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпарат
Өкілдік туралы
Құжаттар
Қызметі
Все материалы
Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау - 2023
Анонстар мен хабарлар
Алматы қаласы мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясының хабарламасы
26 сентября 2023

Алматы қаласы мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясы округтік сайлау комиссиясының мекен жайының өзгергені туралы хабарлайды.

Мекен жайы: Алматы қаласы, Шевченко Т. көшесі, 97, тел.: 8 (727) 351-47-90

«Логистика және көлік академиясы» акционерлік қоғамы

 

Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ және онлайн-платформаларды пайдаланушылар тізбесі
Alataý Aqparat
25 сентября 2023

 

Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау - 2023
Кандидаттардың сайлау алдындағы үгітін мемлекеттік қаржыландыру
25 сентября 2023

 

Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ және онлайн-платформаларды пайдаланушылар тізбесі
BES.media
25 сентября 2023

 

Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау - 2023
Сайлауды ақпараттық сүйемелдеу
25 сентября 2023

 

Анонстар мен хабарлар
ПРЕСС-АНОНС
22 сентября 2023

ПРЕСС-АНОНС

2023 жылғы 22 қыркүйек

2023 жылғы 22 қыркүйекте Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттардың тіркеу мәселелері бойынша Алматы қаласының №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясының отырыстары өтеді.

 

№

Кандидаттың ТАӘ

Өткізу күні мен уақыты

1

Кукетаева Мадина Улановна

22.09.2023 ж.

16.45 с.

2

Молдасанов Азамат Шорманканович

22.09.2023 ж.

17.00 с.

 

Өтетін орны: Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 128, КММ  «Ілияс Есенберлин атындағы №25 гимназия» ғимараты.

БАҚ-ты аккредиттеу 22 қыркүйек сағат 16.30 дейін келесі телефон бойынша: 87075076760 (Асем Дюсенкуловна) жүргізіледі.

Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау - 2023
2023 жылғы 29 қазанға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда Шығыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы
22 сентября 2023

2023 жылғы 29 қазанға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда Шығыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы

Әлеуметтік сала
Алматы қ. әкімінің Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуіндегі баяндамасы
22 сентября 2023

Қайырлы таң, құрметті Түрксіб ауданының тұрғындары!

Өздеріңізді дәстүрге айналған кезекті кездесуімізде көргеніме қуаныштымын.

Түрксіб ауданының қала экономикасындағы орны ерекше. Ол қаланың өңдеу өнеркәсібі дамыған Алматының әуе және теміржол қақпасы болып табылады.

9 қыркүйекте мен Сіздердің аудандарыңызды аралап шықтым. Сол кезде ескі тұрғын үйлерді жаңарту, Сейфуллин даңғылы мен Үлкен Алматы каналының қиылысындағы көпірді реконструкциялау, Молдағалиев және Чехов көшелеріндегі жаяу жүргіншілер аймағын күрделі жөндеу барысымен таныстым. Сондай-ақ, №6 Оқушылар үйін реконструкциялау жөнінде тапсырма бердім.

Енді Түрксіб ауданын дамыту бойынша біз қабылдаған шаралар туралы Сіздермен бөлісуге рұқсат етіңіздер.

БІРІНШІ. Инженерлік желілерді модернизациялау біздің жұмысымыздағы негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді.

  1. Осы жылдың тамыз айында «Шуақты» шағын ауданында 400 үйді қамтитын 10 км сумен қамту және
    7,4 км су бұру желілерінің құрылысы аяқталды. Келесі аптадан бастап тұрғындар магистральды желіге қосыла бастайды.
  2. Тбилисская көшесіндегі 20 мың абонентке қызмет көрсететін 400 метрден астам канализациялық эстакада реконструкциялаудан өтті. Ол болашақта ажырауларды болдырмауға және халық санының өсуін ескере отырып, өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.
  3. Жыл соңына дейін «Маяк» (сумен қамту 11,5 км, канализация 22,5 км; «Sheber Build» ЖШС), «Әлмерек» (сумен қамту 9,8 км, канализация 10,2 км; «Sheber Build» ЖШС), «Жас Қанат» (сумен қамту 7,8 км, канализация 8,6 км; «Jasyl El Qurylys» ЖШС), «Нижняя Пятилетка» (сумен қамту
    115 км, канализация 1,9 км; «Алвис» ЖШС)
    шағын аудандарында және Закарпатская көшесінде (сумен қамту 4,8 км, канализация 1,6 км; «Қарасай Құрылыс» ЖШС) 6670 абонент үшін 153,4 км су құбыры мен 79,4 км канализация құрылысы аяқталады. Сонымен қатар, асфальттың төменгі қабаты (КЗ) қалпына келтірілуде, 2024 жылдың 2-ші тоқсанында беткі  қабаты (МЗ) төселетін болады.
  4. 2024 жылдың II-ші тоқсанында «Қайрат» шағын ауданында 40 км су құбыры және су бұру желілерін (сумен қамту 17,3 канализация 19,9 км) салу жұмыстарының 2-ші кезегі басталады.
  5. 2 учаске бойынша: ауданның орталық бөлігінде (Рысқұлов - Жансүгіров – Шолохов - Сейфуллин көшелерінің квадраты) (сумен қамту 30 км, канализация 70 км; сараптама 2024 жылдың наурызында аяқталады) және Әуежай көлі ауданында (Тоқай – Норильский – Поддубный – Диксон көшелерінің квадраты) (сумен қамту 10 км, канализация 10 км; сараптама 2023 жылдың желтоқсан айының соңында аяқталады) сумен қамту және канализация желілерін жобалау жалғасуда. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының болжамды басталу уақыты 2024 жылдың II-ші тоқсаны.
  6. Тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін «Шуақты» шағын ауданында (5,5 км) электр беру желілерін модернизациялау аяқталды. Сондай-ақ осы жылдың желтоқсан айына дейін «Әлмерек» (23,5 км), «Нұршашқан» (18 км), «Қайрат» (120 км) шағын аудандарындағы желілер жаңғыртылады. Содан кейін тұрғындарды «АЖК» акционерлік қоғамы қызмет көрсететін желілерге ауыстыру жүргізіледі.

Бұған дейін айтқанымдай, «Тұздыбастау» подстанциясының құрылысы аяқталды. Бүгінде жеке учаскелердің меншік иелерімен сервитут шарттары жасалуда, олар арқылы жеткізуші желілер салынатын болады. Жұмыстар биылғы жылдың соңына дейін аяқталады.

ЕКІНШІ. Жол инфрақұрылымын дамыту бойынша қарқынды жұмыс жалғасуда.

  1. Осы жылдың қазан айының соңына дейін «Қайрат» шағын ауданындағы тұрғын үй кешені мен мектепке 2,7 км кірме жолдарды салу жұмыстары аяқталады. Бүгінде асфальттың 1-ші қабаты төселген. 2024 жылдың II-ші тоқсанында инженерлік коммуникациялар жүргізілгеннен кейін қалған 5,3 км жол жайластырылады.
  2. Ауданда ұзындығы 24 км болатын 18 көшедегі жолдарды орташа жөндеу жалғасуда. Бүгінгі таңда Сейфуллин даңғылы, Арал көшесі және Байрон көшесіндегі ұзындығы 7,7 км жол жабынына асфальт төсеу жұмыстары аяқталды.

Аудан бойынша 30 мың шаршы метр жол төсеміне (Рысқұлов даңғылы, Сүйінбай даңғылы, Майлин көшесі, Бекмаханов көшесі және т.б.) ағымдағы жөндеу жүргізілді. Қалған 10 мың шаршы метрі қазан айының соңына дейін аяқталады.

Сондай-ақ, қазан айының соңына дейін ауданның
5 магистральды көшесінің бойында (Рысқұлов, Сүйінбай даңғылдары, Майлин, Шолохов, Ақан Сері көшелері) 23 км техникалық тротуар салынады. Олар көшелерге эстетикалық сән беріп, жинау кезінде жасыл желектерді химиялық реагенттерден сақтайды.

  1. Әкімдік қоғамдық көлікке қызмет көрсету сапасын жақсартуға ерекше назар аударады. Сіздердің өтініштеріңіз бойынша «Қайрат» шағын ауданынан «Райымбек» метро станциясына дейін жаңа №9
    автобус маршруты (8 автобус) іске қосылды. Сондай-ақ осы жылдың соңына дейін жаңа автобустардың келіп түсуіне қарай 7 маршрут (№8, 13, 17, 38, 46, 47, 69; 130 автобустар) жаңартылады.

Оқу жылының басынан бастап қалада өз мектептерінен шалғай аудандарда тұратын балаларға арналған «Мектеп автобусы» жобасының бірінші кезеңі басталды. Түрксіб ауданы бойынша бүгінде ауданның
4 мектебінен (№№20, 32, 162, 115) балаларды тасымалдайтын 7 «schoolbus» автобусы қатынайды. Келесі жылы осы жобаны кеңейту жоспарлануда.

ҮШІНШІ. Аудандағы қарқынды құрылыс пен халық санының өсуін ескере отырып, ауданды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жалғасуда.

  1. 1 қыркүйектен бастап «Қайрат» шағын ауданында 1 500 орындық №211 жаңа мектеп-гимназиясы іске қосылды.

№59 мектеп-гимназия ғимаратын реконструкциялау, сейсмикалық күшейту (860 орын) және 300 орындық қосымша құрылыс салу жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыстардың аяқталуы – 2024 жылдың 1-ші тоқсаны.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 4-ші тоқсанда 6100 орындық 4 жаңа мектептің құрылысы басталады.

№ 195 мектепке 450 орындық қосымша құрылыс басталады. Бұдан басқа №198 мектепке 600 орындық қосымша құрылыс салу (мемлекеттік сараптама – осы жылғы қазан), №83 гимназия филиалын реконструкциялау (мемлекеттік сараптама – 2023 жылғы желтоқсан) және №50 мектеп ғимаратын сейсмикалық күшейту (мемлекеттік сараптама – 2024 жылғы қаңтар) жұмыстары жобалануда.

Оқушыларды кәсіптік біліммен қамтуды кеңейту үшін 2024 жылдың 1-ші тоқсанында қолданыстағы ғимараттарды бұзып, Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжін салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу аяқталады (Мемлекеттік сараптама – сәуір, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы – 2024 жылғы маусым).

  1. Аудан балаларын мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету үшін қазан айында ғимаратты сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталғаннан кейін №70 балабақша өз жұмысын бастайды.

Сондай-ақ 2023 жылдың соңына дейін «Қайрат» шағын ауданында 260 орындық мемлекеттік балабақшаның құрылысы аяқталады.

«Әлмерек» шағын ауданында 320 орындық балабақша салу үшін жер учаскесін алып қою қорытындысы бойынша 4-ші тоқсанда жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жарияланады.

Анықтама үшін: меншік иесінің келіспеуіне, бағалау мерзімінің аяқталуына байланысты, сондай-ақ сот процестерін болдырмау үшін келесі апта ішінде жер учаскесін қайта бағалау жүргізіледі. Меншік иесі келіскен жағдайда, жер учаскесін алып қою 30.10.2023 жылға дейін аяқталады.

  1. Аудан тұрғындарын сапалы медициналық қызметтермен қамтуды жақсарту мақсатында
    2023 жылдың қазан айында «Нұршашқан» шағын ауданында 100 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның, сондай-ақ желтоқсан айында Айбасов көшесінде 200 келушіге арналған амбулатория құрылысы аяқталады.

Сонымен қатар 2024 жылғы қаңтарда «Қайрат» шағын ауданында 340 келушіге арналған емхананың жобалау-сметалық құжаттамасы дайын болады (мемлекеттік сараптама – 2024 жылғы сәуір). 2024 жылғы мамырда «РВ-90» шағын ауданында 200 адамды қабылдайтын  отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның мемлекеттік сараптамадан шығуын күтеміз.

IV-ші тоқсанда Әлмерек шағын ауданында 200 адам келетін отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге конкурс жарияланады.

  1. Әлеуметтік және спорттық бағыттағы объектілердің «жақын орналасуын» қамтамасыз ету үшін биылғы жылдың соңына дейін (бесінші ұзарту) «Жас Қанат» шағын ауданында өткізу қабілеті күніне 600 келушіге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашу жоспарлануда.

Майлин көшесі 42А («Авиатор») мекенжайында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Аяқталу мерзімі 2024 жылдың ақпан айы. Мемлекеттік сараптаманың шығу мерзімі – 2024 жылдың сәуір айы. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының  басталуы –
2024 жылдың маусымы.

Сонымен қатар, 2024 жылдың II-ші тоқсанының басынан бастап №6 Оқушылар үйін реконструкциялау туралы шешім қабылдадым.

ТӨРТІНШІ. Жайлы қалалық ортаны құру –жұмысымыздың басты бағыттарының бірі.

  1. Түрксіб ауданында ескі тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстары жалғасуда (1247 үйдің 586-сы).

Осы жылы 5 үй (121 пәтер) салынды, оған жақын маңдағы ескі үйлердің тұрғындары қоныс аударды. Сонымен қоса 11 үйдің құрылысы жүріп жатыр (2 учаскеде: Кассин - Сефуллин «Казахстрой» ЖШС және Молдағалиев-Сауранбаев «Айсұлтан» ЖШС). Құрылыстың аяқталуы – 2023 жылдың желтоқсан айы.

«Алтай-2» шағын ауданында жеке құрылыс салушы («Elite construction» ЖШС) 6 үй (43 пәтер) сатып алды. Қазіргі уақытта оларды бұзу және 3 тоғыз қабатты үйдің (200-ден астам пәтер) құрылысын бастау бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, бұл шағын ауданда
54 үйді жаңарту жоспарлануда.

  1. Ауданды абаттандыру аясында биылғы жылы Молдағалиев (470 м) және Чехов көшелеріндегі (310 м) жаяу серуендеу аймағы аяқталды. Сондай-ақ №6 оқушылар үйінің жанындағы сквер реконструкциядан өтті. Бұл жобалар бұдан бұрын Сауранбаев көшесінің бойымен жабдықталған серуендеу аймағының логикалық жалғасы болды.

Сонымен қатар, биыл қазан айының соңына дейін әуежай алаңын жөндеу жұмыстары аяқталып, фонтан, суару жүйесі орнатылып, жаяу жүргіншілер жолдары жаңартылады.

Сондай-ақ, Экология және қоршаған орта басқармасы осы жылдың соңына дейін скандинавиялық жаяу жүріске арналған эко жолдары бар Баум тоғайын абаттандыру, шағын архитектуралық формаларды орнату бойынша; рекреациялық және жағажай аймақтарын жайластыру,  жаяу жүргіншілер көпірлерін жаңарта отырып, Үлкен Алматы каналын абаттандыру бойынша; сондай-ақ «Кіші Алматы» өзенінің бойындағы жаяу жүргіншілер-серуендеу аймағын абаттандыру бойынша (Майлин көшесінен қала шекарасына дейін) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейтін болады. Жобаларды іске асыру 2024 жылдың II-ші тоқсанында басталады.

  1. Әкімдік «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын іске асыру жұмыстарын жалғастыруда.

Биылғы жылы бағдарламаның тиімділігін ескере отырып, Түрксіб ауданына бөлінген қаражат сомасы
52 жобаны іске асыруға 1,7 млрд. теңгеге (875 млн. теңгеге ұлғайтылды) дейін ұлғайтылды.

Бүгінгі таңда 55 объект (аулаларды жарықтандыру бойынша
33 жоба; балалар алаңдарын салу бойынша 15 жоба; жерасты қоқыс контейнерлерін орнату бойынша 4 жоба; жаяу жүргіншілер көпірлерін жөндеу бойынша 3 жоба) аяқталды. Осы жылдың қараша айының соңына дейін тағы 27 жоба (балалар алаңдарын салу бойынша 15 жоба; 5 - жерасты қоқыс контейнерлерін орнату бойынша; 5 - жаяу жүргіншілер көпірлерін жөндеу бойынша; 2 – жаяу жүргіншілер-серуендеу аймақтарын жайластыру бойынша) аяқталады.

  1. Қатты жауын-шашынның салдарын жою және ауданда жайлы қалалық орта құру мақсатында төтенше жағдай желісі бойынша 1,7 км арық желілерін салу және коллекторды тазарту арқылы үнемі су басатын 10 орын жойылды.

Сонымен қатар, Экология басқармасы 57 учаскеде 41 км арық желісін салу жұмыстарын жалғастыруда. Оның ішінде бүгінгі күні 16 учаскеде 6,9 км-ден астам арық желісі салынды. Ал биылғы жылдың соңына дейін 6 учаскеде тағы 2 км желі салынады. Жалпы ұзындығы 32,1 км қалған учаскелер бойынша жұмыстар жалғасып, 2024 жылы аяқталады.

Құрметті Түрксіб ауданының тұрғындары!

Назарларыңызға рақмет! Енді Сіздердің сұрақтарыңызға көшейік!  

Экология
Қазақстан республикасы экология және табиғи ресурстар министрінің алматы облысының тұрғындарымен кездесуін өткізу туралы хабарландыру
21 сентября 2023

2023 жылғы 29 қыркүйек сағ. 09:00-де Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Н. Нысанбаевтың Алматы қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

Кездесу Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі 22, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті мекен-жайында өтеді.

09.00 – 10.00 – азаматтарды жеке қабылдау;

10.00 – 11.30 халықпен, коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;

11.30 – 12.00 – өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.

Онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігі Алматы қаласы әкімдігінің «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.

Сіздер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды Министрмен кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар: WhatsApp нөмірі: 8 (775)123 42 39, және электрондық мекен-жай: b.isina@ecogeo.gov.kz.

Жеке қабылдауға жазылу үшін тел. 8 (775)123 42 39

Азаматтарды белсенді қатысуға және Экология және табиғи ресурстар министріне сұрақ қоюға шақырамыз.

 

         

 

 

 

 

 

 

Мәдениет
"Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағымен марапатталғандардың тізімі
18 сентября 2023
  1. "Дос-Мұқасан" аңызға айналған вокалды-аспапты ансамбль;
  2. Көрнекті антрополог ғалым Оразақ Исмағұлов;
  3. Белгілі суретші, "Қазақстан Суретшілер одағы" РҚБ мүшесі Алпысбай Қазғұлов;
  4. Қазақстанның Халық әртісі Жәния Әубәкірова;
  5. Қоғам қайраткері, "Ауғанстандағы соғыс ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің үйлестіру кеңесі" ҚБ төрағасы Мұрат Абдушукуров;
  6. Мемлекет және саяси қайраткер Сәт Тоқпақбаев;
  7. ҚР ҰҒА академигі Ғахип Уәлиев;
  8. Ғалым-математик, ҚР ҰҒА академигі Асқар Жұмаділдаев;
  9. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт ардагері, футболшы Құралбек Ордабаев;
  10. "Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы" АҚ Директорлар кеңесінің төрайымы Зәуреш Аманжолова.

 

Социальные сети
Facebook
Twitter
Instagram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы