Алматы әкімдігі қаланың көлік қаңқасының 2030 жылға дейінгі шеберлік-жоспарын бекітті, ол сарапшылар қоғамдастығы мен жұртшылықтың талқылауынан соң Алматының қалалық мобильділік басқармасының ресми сайтында жарияланған.
Шеберлік-жоспарды әзірлеушілер – «Алматыбасжоспар» ҒЗИ және кешенді көлік жобаларын іске асыру саласындағы сарапшылар, оның ішінде Future of Mobility компаниясы.
Бұл жоспар Алматының көлік инфрақұрылымын жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындайтын және «адамдар үшін қала» қағидатын іс жүзінде іске асыруға мүмкіндік беретін стратегиялық құжат болып табылады. Шеберлік-жоспардың басты міндеті- халықты жеке көліктен қоғамдық көлікке ауыстыру. Негізгі көрсеткіш 2030 жылға дейін қоғамдық көлікпен жүру санының 64% - ға артуы болмақ. Құжат 2040 жылға дейінгі Бас жоспар, «Алматының 2025 жылға дейінгі даму бағдарламалары және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» және «Алматы агломерациясы аумақтарының қала құрылысын жоспарлау сызбалары» аясында қаланың үздік әлемдік тәжірибелері мен ерекшеліктерін ескере отырып әзірленді.