

1989 жылы туған. Ресей Федерациясының Қаржы университетін «экономика», «қаржы» және «мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандықтары бойынша,
сондай-ақ АҚШ-тың Блумсберг университетін «халықаралық экономика» мамандығы бойынша бітірген.
2009-2011 жылдары – «Корал групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директорының орынбасары, Мәскеу қ.
2011-2012 жылдары – «Сервис и Технологии ИНВЕСТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Мәскеу қ.
2012-2014 жылдары – Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі алқа мүшесінің (Министрдің) хатшылығында консультант, кеңесші, Мәскеу қ.
2014-2016 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі.
2016-2018 жылдары – Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.
2018-2020 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2020-2023 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.
2023-2025 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
2025 жылғы тамыз – 2026 жылғы ақпан аралығы – Алматы қаласы әкімінің орынбасары.
2026 жылғы 4 ақпаннан бастап – Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары.
Мерейтойлық медальдармен және «Құрмет» орденімен марапатталған.