

1974 жылы 26 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Сәкен Сейфуллин атындағы Ақмола ауылшаруашылық институтының (1996 жыл) және Қазақ гуманитарлық-заң университетінің (2003 жыл) түлегі.
Мамандығы бойынша экономист-менеджер, заңгер. Экономика ғылымдарының кандидаты.
1996-2000 жылдары – коммерциялық ұйымдарда бухгалтер және экономист болып жұмыс істеген.
2000-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бюджет рәсімдерінің орындалуын бақылау басқармасында жетекші, бас бақылаушы-аудитор қызметтерін атқарған.
2002-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Іс басқармасында референт, кеңесші, бас сарапшы және сектор меңгерушісі болған.
2006-2007 жылдары – Астана қаласы әкімдігінің «Жылу» МКК директоры.
2007-2010 жылдары – ҚР Білім және ғылым министрлігінің бюджет департаменті және қаржы департаменті басшысының орынбасары. Сондай-ақ, Ғылым комитеті төрағасының орынбасары.
2010-2011 жылдары – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы.
2011-2013 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлім басшысының орынбасары.
2013-2015 жылдары – Шымкент қаласының әкімі.
2015-2017 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.
2018-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.
2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2022-2025 жылдары – Түркістан облысының әкімі.
2025 жылы қаңтардан мамырға дейін – ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары.
2025 жылы мамырдан бастап – Алматы қаласының әкімі.
Марапаттары:
«Парасат», «Құрмет» ордендерімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.