Белгісіз солдат – барша ерлердің бейнесі.

Белгісіз солдат – барша ерлердің бейнесі.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Жетісу ауданында тағылымды шара өтті. Аудан әкімдігі, Ардагерлер кеңесі, күштік құрылымдар, мемлекеттік мекемелер мен жергілікті тұрғындар Белгісіз солдат ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, жауынгерлердің ерлігіне тағзым етті.

Салтанатты рәсім барысында қатысушылар Ұлы Отан соғысы мен түрлі әскери қақтығыстарда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, елдің бейбіт өмірі жолында құрбан болған боздақтарға құрмет білдірді.

Бұл – өткенге тағзым етіп, бүгінгі ұрпақтың бейбіт күннің қадірін ұғынуына бағытталған маңызды шара. Ерлік ешқашан ұмытылмайды!