Бүгін Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Алматы қаласы әкімі аппаратының инклюзияны үйлестіру бөлімі және Алматы қаласы әкімінің инклюзия, құқықтарды қорғау және мүгедектігі бар тұлғалардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері жөніндегі кеңесшісі кеңсесінің ұйымдастыруымен инклюзия бойынша воркшоп өтті.
Іс-шараға қала әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Қасиет Омарова қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар қолжетімді орта құру, мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайды жақсарту, сондай-ақ жұмыс процесіне инклюзивті тәжірибелерді енгізу мәселелерін талқылады. Ерекше назар қызметкерлердің инклюзия туралы хабардарлығын арттыруға және неғұрлым ашық әрі қолдаушы корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға аударылды.