Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау

2021 жылдың 6 қыркүйегінде сағат 11.45-те Жетісу ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған аудан активінің жиналысы өтті.
Іс-шараға Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары, әкімнің орынбасарлары, аудандық «Нұр Отан» партиясының мүшелері, аудандық құрылымдардың басшылары, бизнес өкілдері, ҮЕҰ, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері, арнайы орта оқу орындарының басшылары, сондай-ақ білім және денсаулық сақтау саласының басшылары қатысты.