Вакцинацияланған тұрғындар арасындағы ұтыс ойыны

Вакцинацияланған тұрғындар арасындағы ұтыс ойыны

Алдағы 5 күн ішінде вакцина алушылардың арасында 20 бағалы сыйлық ойнатылатын болады, оның ішінде: тауға арналған велосипед, тоңазытқыш, Samsung Galaxy S21 телефоны.
Жетісу ауданының әкімі Көкебаева Гүлнардың инстаграм парақшасында COVID 19-ға қарсы бірінші компонентті вакцинаны салған адамдар арасында лоторея ойыны басталғандығы жайында пост шыққан болатын. Осылайша жергілікті атқарушы органдар Алматы қаласындағы жаппай вакциналауды танымал еткісі келеді.
Жетісу ауданы әкімдігі аталмыш лоторея тұрғындардың вакциналауға деген қызығушылықтарына оң әсерін береді деп үміттенеді.
«Лотореяға қатысамын деушілер міндетті түрде 29 мамыр мен 4 маусым аралығында Жетісу ауданындағы вакциналау орталықтарына келіп, вакцинаның алғашқы компонентін алулары тиіс», - деп хабарлайды әкімдік.
Тұрғындардың бұл іс-шараға ынтасы жоғары екендігін айта кету керек, себебі жеңімпаз саны – 21 адамды құрайды. Вакцинацияланғандардың арасында Samsung Galaxy S21 ұялы телефоны, сондай-ақ 5 қосымша жүлде ойнатылады: Samsung A32 телефоны, Samsung Galaxy Buds live құлаққаптары, тоңазытқыш,
тау велосипеді және 16 жұбаныш сыйлықтары.
Ұтыс ойыны 5 маусым күні сағат 12.00-де Гүлнар Көкебаеваның инстаграмм парақшасында (@kokobayeva_gulnara) тікелей эфирде өтетін болады.

Айта кетейік, алматылық эпидемиологтар Сovid-19-ға қарсы екпе ұжымдық иммунитетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарып, індетті жоятындығын атап өткен болатын. Вакцинация қарқынын жеделдету үшін Алматыда екпе жасағандарды ынталандыру жұмыстары жүргізілуде.
1 маусым күні екі СОО-да ұялы телефондар, тұрмыстық техника, мейрамханаларға сертификаттар, сондай-ақ жеңілдік карталары ойнатылды. Бұл тәжірибе АҚШ, Еуропа және Ресейде мемлекеттерінде қолданылып келеді. (лотереяға қатыса отырып, сіз ұтып алған жағдайда фотосуреттеріңізді жариялау үшін автоматты түрде келісім бересіз).