Соңғы Қоңырау 2021

Соңғы Қоңырау 2021

Құрметті оқушылар,

Мектеп бітіруші түлектер!

Қадірлі ұстаздар мен ата-аналар!

 

Баршаңызды бүгінгі оқу жылының аяқталуымен және мектеп бітіруші түлектерді салтанатты мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Барлық оқушылар үшін бұл күн көптен күткен күн. Соңғы қоңырау дегеніміз - оқудың аяқталып, жазғы демалыстың басталуы ғана емес. Мектепті бітіргендер үшін соңғы қоңырау өмірдің жаңа кезеңінің басталуын білдіреді. Үлкен өмірге қадам басқан азаматтарымыз үшін жаңа белестерді бағындыру жауапты кезең .

Құрметті түлектер, сіздердің көпшілігіңіз болашақ мамандығыңызды таңдап, алға қойған мақсаттарыңызды нақтылап белгіледіңіздер. Олай болса, жинақылықты, сенімділік пен зейінді талап ететін өмір жолдарыңызға сәттілік тілейміз.

Біз сізге үлкен үміт артамыз.  Еліміздің ертеңі – жастар десек, сол жастар – мына сіздерсіздер. Қазақстанның абыройын асқақтатар айбынды азамат болуларыңызға тілектеспін.

Ұстаздарға кәсібилігі, мамандыққа деген адалдығы және балаларға деген зор ықыласы мен махаббаты үшін ерекше ризашылығымды білдіргім келеді.

Мұғалім тек білім беріп қана қоймай, еліміздің одан әрі дамуы мен гүлденуіне қомақты үлес қоса отырып, Қазақстанның адами капиталын қалыптастырады.

Сондай-ақ, ата-аналарға алғысым шексіз. Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы төзімділік, қамқорлық пен махаббаттарыңыз әрдайым балаларыңызға күш қуат беретініне сенімім мол.

 

Құрметті оқушылар!

 

Жазғы демалыстарыңыз сіздерге ұмытылмас әсер, жарқын эмоциялар және келесі оқу жылына жаңа серпіліс сыйласын.

Түлектерге ақ жол! Сіздерге жаңа табыстар мен жеңістер тілеймін!