Жетісу ауданы жол жөндеу жұмыстары

Жетісу ауданы жол жөндеу жұмыстары

Қазіргі таңда Жетісу ауданында ағымдағы жол жамылғысын төсеу бойынша 80 көшеде 120 ақау анықталды. 5 мамырға дейін жоғарыда аталған көшелер бойынша жұмыстар жасалынады. Асфальт жамылғысын сапалы орындау үшін 10'С ауа көрсеткіші қажет. Ауа райы тұрақталған соң, 6 сәуірден бастап адам мен техника саны қосылып жұмыстар қызу жүріп жатыр. Бүгінгі күнге дейін Райымбек, Сейфуллин даңғылдарында, Бөкейханов көшесінде ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.