Азаматтарды жеке қабылдау

Азаматтарды жеке қабылдау

Азаматтарды жеке қабылдау мен үшін өте маңызды, себебі, бұл орын алған мәселе жайында тұрғындардың өз аузынан естіп, шынайы жағдайды көруге мүмкіндік береді.
Карантин шараларына байланысты оффлайн кездесулердің көп бола бермейтіндігі өкінішті-ақ. Кездесуге алғашқылардың бірі болып Айнабұлақ ықшам ауданы, 32а үйінің тұрғындары келді. Олар ертеректе "Алматы Тұрғын үй" ЖШС ұйымдастырған "Модернизация ТКШ" бағдарламасына қатысқан болатын. Бағдарлама аясында лифт жабдықтары ауыстырылуы қажет еді. Алайда тұрғындар мердігер компанияның жұмысына наразы. Олар жиналыс өткізіп, жоғарыда аталған ұйымның жұмысынан бас тарту туралы хаттама жасады. Төлемнің бір бөлігі жасалғандықтан, сот процестері жүргізіліп, жұмыстар тоқтатылды. Жағдай қиын, бірақ біз бұл мәселені шешу үшін тұрғын үй басқармасымен бірлесе отырып барлық қажетті шараларды қабылдаймыз. Сондай-ақ, ынтымақтастық бағытындағы жобамен "МООЛОВ Жігер" ЖШС басшысы бізге жүгінді. Ол біздің ипподром негізінде мүгедек балаларға арналған иппотерапия секциясын ашуды ұсынып отыр. Иппотерапия-бұл адам ағзасына биомеханикалық әсер етіп, оны нығайтатын емдік бағыттағы атпен жүру терапиясы. Бұл ой маған өте қатты ұнады, бірақ жоба егжей-тегжейлі пысықтауды талап етеді. Аталған жоба дайын болған сәтте біз қуана-қуана қолдау көрсететін боламыз.