Жетісу ауданында «Таза Қазақстан» бастамасы жалғасын тапты

Жетісу ауданында «Таза Қазақстан» бастамасы жалғасын тапты

2026 жылғы 12 қыркүйекте Жетісу ауданындағы «Көкжиек Гарден» саябағында Мемлекет басшысының бастамасын қолдау мақсатында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті.

Іс-шараға аудан әкімдігінің қызметкерлері, волонтерлер, кәсіпкерлер, белсенді жастар және коммуналдық қызмет өкілдері қатысты. Акция барысында саябақ аумағы мен оған іргелес нысандардың аумағы тазартылып, абаттандырылды.

Акцияға 350 адам, 17 арнайы техника және 400 бірлік қол құралдары жұмылдырылды. Нәтижесінде 140 текше метр қоқыс жиналып, шығарылды.

Экологиялық акция тұрғындардың қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға және аудан аумағын таза әрі жайлы ұстауға бағытталды.