
Жетісу ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстары Көкжиек шағынауданында жүргізіліп, оған аудан әкімдігінің қызметкерлері, коммуналдық қызмет мамандары және ауданның белсенді жастары қатысты.
Сенбілікке 350-ден астам адам қатысып, 26 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде аумақтан 112 текше метр қоқыс шығарылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қоғамдық орындарды абаттандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай шаралар аудан аумағын көркейтіп, тұрғындарға қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға бағытталған.