
Жетісу ауданы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 29 мамырдағы №1295 Жарлығына сәйкес «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарды салтанатты құттықтау рәсімі өтті.
Іс-шараға Жетісу ауданының әкімі Ляззат Жылқыбаева қатысып, аналарды мемлекеттік наградаларымен құттықтап, олардың қоғамдағы және отбасы институтын нығайтудағы ерекше еңбегіне алғыс білдірді. Сондай-ақ, кездесу барысында көпбалалы аналардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті мәселелер бойынша ашық сұхбат өтті.
Салтанатты рәсімде 1 ана «Алтын алқа», 3 ана «Күміс алқа» алқасымен марапатталды. Мемлекеттік наградалар көпбалалы аналардың ел демографиясын дамытуға, ұрпақ тәрбиесіне және отбасы құндылықтарын дәріптеуге қосқан елеулі үлесінің жоғары бағаланғанының айқын көрінісі.