Жетісу ауданында Мемлекеттік қызметшілер күніне орай қызметкерлер марапатталды

Жетісу ауданында Мемлекеттік қызметшілер күніне орай қызметкерлер марапатталды

Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Жетісу ауданында салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара барысында аудан әкімі мемлекеттік қызмет саласында абыройлы еңбек етіп жүрген қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ауданның дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Салтанатты жиында өз қызметтік міндеттерін жоғары жауапкершілікпен атқарып, кәсіби біліктілігімен ерекшеленген бірқатар мемлекеттік қызметшілер аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.