
4 маусым күні Жетісу ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай салтанатты рәсім өтті. Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындап, Мемлекеттік Туды көтеру рәсіміне қатысты.
Шараға аудан әкімдігі аппаратының өкілдері, әскери қызметшілер, білім беру ұйымдарының басшылары, студенттер қатысты.Рәсім мемлекеттік рәміздерге деген құрметтің және елдің патриоттық құндылықтарын дәріптеудің айқын көрінісі болды.