Жетісу ауданында көпбалалы аналар марапатталды

Жетісу ауданында көпбалалы аналар марапатталды

Жетісу ауданында көпбалалы аналарға құрмет көрсетуге арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Шара аясында Ләззат Жылқыбаева сөз сөйлеп, ардақты аналарды құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді.

Биылғы жиын барысында барлығы 11 әйел марапатталды. Олардың ішінде 4 әйелге “Алтын алқа”, ал 7 әйелге “Күміс алқа” табысталды. Бұл марапаттар көпбалалы аналардың қоғамға қосқан үлесі мен аналық еңбегіне көрсетілген зор құрметтің белгісі ретінде бағаланды.

Жетісу ауданы әкімдігі аналарға деген құрмет пен қолдау әрдайым жалғасын табатынын жеткізді.