
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жетісу ауданындағы «Гүлдер» саябағында DAMU BALA FEST мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды.
Мерекелік концерт барысында балалар мен олардың ата-аналарына арнайы концерттік бағдарлама ұсынылып, өнерпаздар ән мен биден шашу шашты. Сонымен қатар, қонақтар аквагрим, гипс мүсіндерін бояу, аниматорлармен фотозона, TikTok трендтер алаңы және түрлі шығармашылық аймақтарға қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Іс-шара аясында қызықты ойындар өткізіліп, қатысушыларға сыйлықтар мен тосынсыйлар табысталды. Балалар көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған мерекеде уақыттарын көңілді өткізіп, жарқын әсер алды.
DAMU BALA FEST балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және мерекелік көңіл-күй сыйлауға бағытталған жарқын іс-шараға айналды.