
«Таза Қазақстан» жалпы республикалық экологиялық акциясы аясында бүгін Жетісу ауданы, Ангарская көшесі, 141А мекенжайында аумақты санитарлық тазалау мен ауданды абаттандыруға бағытталған ауқымды сенбілік өтті.
Қойылған міндеттерді орындау үшін айтарлықтай күш жұмылдырылды: сенбілікке 500-ге жуық адам қатысты, олардың арасында ауданның белсенді тұрғындары, комьюнити-орталықтың жастары, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері мен коммуналдық ұйымдардың мамандары бар. Тазалық жұмыстарына 23 бірлік арнайы техника қатысты.
Қатысушылар мен арнайы техниканың үйлесімді іс-қимылының арқасында күн қорытындысы бойынша аумақтан 223 текше метр қоқыс жиналып, шығарылды.
Ауданымыздың тазалығына үлес қосқан әрбір жанға шынайы алғыс білдіреміз!