
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Жетісу ауданында қалалық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық шеруі ұйымдастырылды. Іс-шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы мен Жетісу ауданы әкімдігінің қолдауымен, Алматы авто-механикалық колледжі және «Жетісу-2» комьюнити орталығының ұйымдастыруымен өтті.
Шерудің негізгі мақсаты – жастарға патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, тарихи жадыны сақтау және әскери қызметке құрмет сезімін қалыптастыру.
Ауқымды шараға қаладағы 18 колледжден алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Әр команда 28 қатысушыдан құралды. Қатысушылар саптық дайындық, әскери тәртіп және әскери ән шеруі бойынша өз өнерлерін көрсетті.
Іс-шара барысында қатысушылардың әскери даярлық деңгейі бағаланып, үздік командалар марапатталды. Сонымен қатар шараға аудан басшылығы, мәслихат депутаттары және белсенді жастар қатысты.
Жалпы саны 500-ден астам қатысушы мен қонақ жиналған шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға ерекше рух пен жігер сыйлады.