
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Жетісу ауданының Айнабұлақ шағын ауданындағы Арбат алаңында мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті. Аталған шараға 3 000-ға жуық аудан тұрғыны жиналып, мерекені ерекше ықыласпен қарсы алды.
Іс-шара барысында тұрғындар бірлік пен достықтың символына айналған керуенмен бірге жүріп өтіп, айналаны мерекелік көңіл-күйге бөледі.
Мереке барысында аудан тұрғындарының ауызбіршілігі, көтеріңкі көңіл-күйі мен белсенділігі ерекше байқалды. Бұл – ел ішіндегі татулық пен тұрақтылықтың айқын көрінісі.