
Жетісу ауданында Ардагерлер кеңесінің VIII есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференция барысында ұйымның өткен кезеңдегі атқарған жұмыстары қорытындыланып, алдағы уақытқа арналған негізгі міндеттер мен жоспарлар талқыланды.
Жиынға аудан ардагерлері, қоғамдық ұйым өкілдері және белсенді тұрғындар қатысты. Конференция барысында Ардагерлер кеңесінің төрағасы есеп беріп, ардагерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, жастарға патриоттық тәрбие беру және қоғамдық өмірге белсенді қатысу бағытындағы жұмыстарға тоқталды.
Жетісу ауданының ардагерлері ауданның қоғамдық өміріне белсенді араласып, жас ұрпаққа өнеге көрсетіп келеді.