
Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес 2026 жылдың 30 наурыздан по 08 маусымға дейін Жетісу ауданы әкімі аппаратының нормативтік-құқықтық актілерінде және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің қызметін қозғайтын қолданыстағы құқықтық актілердегі, сондай-ақ ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде, соның ішінде персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, сатып алу қызметі, мемлекеттік қызмет көрсету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру мәселелерін қамти отырып сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талдау жасалатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, 2026 жылдың 12-20 наурызға дейін ақпаратты m.maratkyzy@almaty.gov.kz электрондық поштасына жіберуді сұраймыз, құпиялылық және анонимділікке кепілдік беріледі. Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.
Мәселелер туындаған жағдайда 8(701)0689805, 8(727)3842755 телефондары бойынша хабарласу қажет.