
Жетісу ауданында аудан әкімі халықпен есептік кездесу өткізді. Кездесу барысында 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылып, 2026 жылға арналған негізгі міндеттер айқындалды.
Жыл қорытындысы бойынша аудан тұрақты өсім көрсетуде: инвестициялар көлемі 46%-ға артып, 181,2 млрд теңгені құрады, өнеркәсіп өндірісі 34,4%-ға өсіп, 439 млрд теңгеге жетті.
Ауданда 9 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Сонымен қатар 4,1 мың жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды.
Қол жеткізілген нәтижелер - тұрғындар, кәсіпкерлер және аудан әкімдігі бірлескен жұмысының нәтижесі. Ауданды одан әрі дамыту жұмыстары жалғасады.