Ана еңбегі - құрметке лайық: Жетісу ауданында көпбалалы аналар марапатталды

Ана еңбегі - құрметке лайық: Жетісу ауданында көпбалалы аналар марапатталды

Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі
Л.Жылқыбаева көпбалалы аналарды салтанатты түрде марапаттау рәсімін өткізді. Шара барысында бала тәрбиесінде үлгі болып жүрген, отбасылық құндылықтарды дәріптеп, аналық мейірімімен ерекшеленетін жандарға құрмет көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 29 желтоқсандағы №1164 Жарлығына сәйкес төрт ана «Күміс алқа» алқасымен марапатталды. Бұл марапат – балаларды ел болашағы ретінде тәрбиелеп отырған аналардың еңбегіне берілген жоғары баға және қоғамдағы ең маңызды миссиялардың бірінің мойындалуы.

Аудан әкімі марапат иелерін құттықтап, олардың отбасыларына амандық, махаббат, қуаныш пен береке тіледі. Сондай-ақ ұрпақ тәрбиесі – ел болашағына қосылған үлкен үлес екені атап өтілді.