
Жетісу ауданы әкімі аппаратында қала әкімінің орынбасары А. Нүкеновтың төрағалығымен құрылымдық бөлімшелердің басшыларының қатысуымен кеңес өткізілді.
Кеңес барысында мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыс істеуі, орындармен қамтамасыз ету, қосымша ғимараттар салу және пайдалануға беру, жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ мәдениет, қоғамдық даму, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қолдау салаларындағы іс-шараларды іске асыру мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.