Атмосфералық ауаны қорғау - ортақ міндет

Атмосфералық ауаны қорғау - ортақ міндет

Жетісу ауданында атмосфералық ауаны қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-кеңес беру жиналысы өтті. Кездесуді аудан әкімі Л. Жылқыбаева ашып, экологиялық қауіпсіз дамудың маңызын атап өтті.

Жиын барысында Алматы қаласының атмосфералық ауасының қазіргі жағдайы, ластаушы заттарды төмендету талаптары және бизнес үшін экологиялық жаңғырту бағытындағы нақты шаралар талқыланды. Сондай-ақ шағын бизнес нысандарына арналған жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламалары мен экологиялық таза пилоттық жобаларды қолдау тетіктері таныстырылды.

Сондай-ақ, Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы мен Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Түсіндіру жұмыстары экология, ластануды бақылау және бизнесті қолдау мәселелерін қамтыды.

Аудан әкімдігі экологиялық талаптарды түсіндіру және бизнесті сүйемелдеу жұмыстарын жалғастырады.