
Жаңа филиал заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген және тәулігіне 200-ге дейін науқасты қабылдауға есептелген. Бұл «Саяхат» ықшамауданында тұратын Жетісу ауданы тұрғындары үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
Ғимаратта цифрлық рентген, УДЗ, ЛОР және офтальмология кабинеттері, ФГДС кабинеті, сондай-ақ заманауи роботтандырылған құрылғылармен жабдықталған физиотерапия және оңалту бөлімдері жұмыс істейді. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де барлық қолайлы жағдайлар жасалған.
Жаңа филиалдың ашылуы — Жетісу ауданы тұрғындарының денсаулығын нығайту мен өмір сапасын арттыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі.