
Кездесуге ауданның қоғамдық өміріне белсенді атсалысып жүрген азаматтар, әлеуметтік сала, коммуналдық қызмет, кәсіпкерлік және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Жиын барысында ауданның дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегі атап өтіліп, алдағы уақытта да бірлескен жұмысты жалғастырудың маңыздылығы айтылды.
Аудан әкімі өз сөзінде тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғаса беретінін атап өтіп, қатысушыларға алғыс білдірді және жаңа жылға сәттілік тіледі.