
Алматы қаласының Жетісу ауданында «Құлагер» алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығының жаңа филиалы ашылды.
Жаңа емхана заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген және тәулігіне 300-ге дейін тұрғынды қабылдай алады. Мұнда аудан тұрғындары профилактикалық тексерулер мен вакцинациядан бастап, жүкті әйелдер мен балаларды бақылауға дейін алғашқы медициналық көмектің толық спектрін ала алады.
Филиалдың ашылуы қолданыстағы емханаларға түсетін жүктемені азайтып, тұрғындарды тұрғылықты жері бойынша қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.