
Бүгін аудандық актив мүшелері мен ШОБ өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген отырыс өтіп, қоғамдық тәртіп, өрт қауіпсіздігі және заңсыз саудамен күрес мәселелері қаралды.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Сапарбек А.М. нарықтар мен ШОБ нысандарындағы қауіпсіздік жағдайы туралы баяндама жасады.
Аудандық ТЖ басқармасы бастығы Касенов Е.Т. өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы атқарылған жұмыстарды таныстырды.
Сонымен қатар, аудандық полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Сейтқазин Ж.Т. заңсыз саудамен күрес бойынша жүргізілген рейдтер мен жоспарлар туралы ақпарат берді.
Жиын соңында жауапты қызметтерге нақты тапсырмалар беріліп, тұрғындардың қауіпсіздігі басты міндет екені атап өтілді.